10.09.2022
168
Інжугүл
Алматыда тұрамын,
Гүлдің сырын ұғамын.
Ботаника бағына,
Баруға Мен құмармын.
Сол баққа Мен барғанда,
Қарап едім жан-жаққа,
Қуанғаным соншалық,
Інжугүл тұр алдымда.
Бойы оның бір қарыс,
Жапырағы қалыңдау,
Аппақ гүлі бейтаныс,
Секілді бір қоңырау.
Інжугүл маған тіл қатты:
«Иісім жұпар сияқты,
Жүрегіңді емдейтін,
Дәрімін бейне тұрақты».
Дегеннен соң, сол гүлді,
Үйге әкеліп өсірдім.
Достарыма таратам,
Інжугүлдің өсімін.