10.09.2022
  81


Автор: Кәрім Жұмағалиев

ТӨЛЕГЕНГЕ

(Адвокат Андабаев Дүйсеннің сұрауы бойынша ағасы Төлегеннің 60 жасқа толуына арнап, Дүйсеннің атынан шығарған едім)
Жөн көрдім бүгін толғауды,
Әдептен ары озбауды.
Алпысқа толған Ағама,
Өлеңмен сәлем жолдауды.
Егіздей болып жасымнан,
Табылдым әр кез қасыңнан,
Сағынам Сені көрмесем,
Сырласуға асығам.
Балалық шақта балауса,
Бауырыңа тарттың інім деп.
Қол тигізбей ешкімге,
Өсірдің мені «Күнім» деп.
Осындай біздің ағамыз,
Мақтанбай қайтіп қаламыз.
Ағайым менің Төлеген,
Көзі ашық алғыр көреген,
Өмірде маған қамқор боп,
Сүрінсем, демеп жебеген.
Мен де өстім саған еліктеп,
Адам жоқ саған теңелген.
Балаларың аймалап,
Шаттыққа сені бөлеген.
Алпыста саған тілеймін,
Қол ұстап бірге жеңгеммен.
Тоқсаннан асып жүзге жет,
Ақжарқын осы көңілмен.
Ағайын, жолдас-жораға
Қолы ашық, жомарт- береген.
Еліктеймін мен саған
Айналдым аға Төлеген.
Осындай біздің ағамыз,
Мақтанбай қайтіп қаламыз.
Алпысқа келген жасыңда,
Ақ жеңгем әне қасыңда,
Тілейтінім Тәңірден,
Күш, Қайрат берсін басыңа.





Пікір жазу