10.09.2022
  103


Автор: Кәрім Жұмағалиев

Дүйсенбекке

Дүйсенбек, інімдейсің бірге туған,
Бүгін шашу шашамын өлең-жырдан.
Елу үшке келгенде есіңе алшы,
Жастық шақты, балдәурен, арман қуған.
Кеше ғана прокурор, ал бүгін-ші,
Адвокатсың «қапшықтап» ақша жиған.
Дүйсенбек бірге туған, інімдейсің,
Ел құсап асып - сасып жүгірмейсің.
Мінезің жайма шуақ, жаздай болып,
Қабақ шытпай тек қана күлімдейсің.
«Дүйсен аға» деп кеттік, Дүйсенбекті,
Ақылы мол, өмірде көрген көпті,
Қазақи мақалдатып сөз өреді,
Тілі өткір қалжыңға да, сондай епті.
Ғайбат сөзді, біреуге айта алмайсың,
Бір адамның көңілін қайтармайсың,
Құдай берген осындай мінезіңмен,
Келсеңдағы 100-ге Сен, қартаймайсың.
Келінді театрға апарасың,
Көргің келмей театр сахнасын,
Креслода қорылдап деміңді алып,
Ұйқыменен таңды да, атырасың.
Аяғыңды машинаға бастырасың,
Шұлыққа арақ құйып жапсырасың, 
Құн сұраудың орнына, сотқа апар деп,
Машинаның шоферін састырасың.
Шындық қой, жұмысқа сен берілгенсің,
Жұмыс десе ешқашан ерінбейсің,
71-дің барлығын жинап алып,
Ақша табу жолына жегілгенсің.
Ауылға көп бармайсың, табындырып,
Келінді де қоясың жалындырып,
Жұмысқа берілгенің соншалықты,
Балаларды қоясың сағындырып.
Ағалық әзіл, арнадым, туған күнге,
Дастарқанды жайыпсың бүгін бізге.
Саған деген тілегім ағыл-тегіл,
Жайраңдап жүре бергін, бізбен бірге.
Тілеймін жақсылықтың саған бәрін,
Жаныңда аман жүрсін сүйген жарың.
Ауыл аймақ, достарың, туыстармен,
Аман болсын балдырған балаларың,
Саған арнап, әзілдеп өлең жазған,
Деп білерсің, адвокат ағаң-Кәрім.





Пікір жазу