ӘЙЕЛДЕР-АЙ, ӘЙЕЛДЕР….
Әйелдер-ай, әйелдер - анасыңдар,
Өмірге қыз бен ұлды табасыңдар.
Асырап сәбиіңді сүтіңменен,
Өссін деп бесік жырға саласыңдар.
Әйелдер - апаларым, қарындасым,
Пейілдерің ешқашан тарылмасын.
Үрім-бұтақ, ұрпағың аман болып,
Құдайым тілегіңді жарылқасын.
Әйелдер - құдағисың, құдашасың,
Қалжың сөзбен құданы құлатасың.
Құдағи мен құдаша, балдыздармен,
Сыйласуды қалтқысыз ұнатамын.
Әйелдер-ай, әйелдер балдызымсың
Еркелейтін жездеңе жалғызымсың,
Бажа тауып жездеңе беретұғын,
Өсіп тұрған өмірде тал бүрімсің.
Әйелдер-ай, әйелдер сұлусыңдар,
Жүрекке дем беретін жылусыңдар.
Сиқырлықпен баурап-ап ер адамды,
Махаббатын ұрлайтын ұрысыңдар.
Әйелдер-ай, әйелдер қулықтарың,
Айта берсем баршылық сұмдықтарың.
Әйелдер-ай, әйелдер, әйелдер-ай,
Тілім жетсе айтар ем, жыр-ғып бәрін.
Әйелдер-ай, әйелдер сөйлейсіңдер,
Қой десе, ерегесіп көнбейсіңдер.
Ер адамды ноқталап жетектейтін,
Құдіреті Өмірдің сендерсіңдер.
Әйелдер-ай, еркелеп өкпелейсің,
Жаным десе жадырап жеккөрмейсің.
Долданып ашуыңа мініп алсаң,
Мінезің бар, көнбейсің, дес бермейсің
Әйелдер-ай, айналдым қабағыңнан,
Аппақ болған күн тимес тамағыңнан.
Қылығыңмен Махаббат отын жағып,
Жүрегімді күйдіріп жара қылған.
Әйелдер-ай, әйелдер қызықсыңдар,
Ашулансаң тым қатал бұзықсыңдар.
Сыйлық әкеп бермесе мерекеде,
Сөйлеспейтін еріңмен тұйықсыңдар.
Әйелдер-ай, әйелдер көңілдерің
Таусылмасын мейірім пейілдерің,
Шын жүректен бәріңді құттықтаймын,
Болсын деп, бақытты бұл өмірлерің.
Еркектер-ай, еркектер есерсіңдер,
Көнбейтін әйелдерге кесірсіңдер.
Әйелдерді сыйлаңдар өмір бойы,
Оларсыз күнің қара жетімсіңдер.
Еркектер-ай, еркектер жылына бір,
Әйелдерге арнашы бір ауыз жыр.
Соларға арнап айына болмаса да,
Сегізінші наурызда сыйлашы гүл.
Сегізінші Наурызды ескерейік,
Әйелдерді сыйлайық, жек көрмейік.
Әйелдер-ай, әйелдер Сендер үшін
Тік тұрып, осы тосты көтерейік.