10.09.2022
  98


Автор: Кәрім Жұмағалиев

АУРУХАНАДА

Кәрілігің ескірген машинадай,
Жанға батқан науқасты жасыра алмай.
Келесің дәргерлерге амалсыздан,
Ем алуға уақтылы қапы қалмай.
Дәрігер отыр шалдардың жинап бәрін,
Тыңдайды ол шалдардың айтқан зарын.
Барлық шалдың келгені бір-ақ жұмыс,
«Жөндетуге» келіпті қуықтарын.
Аденома - деп бір шал зарланады,
Простатит - деп екіншісі зар қағады.
-Басқа жол жоқ жазатын,- дейді дәрігер,
-Кесіп, пішу, тек осы бар амалы.
Ертеңінде шалдарды кесті-пішті,
Шлангаға керек деп тесті ішті.
Салпылдатып бөтелке байлап берді,
Қуықтарың болад деп енді күшті.
Сорлы шалдар сол сөзге иланып жүр,
Күшті болад дегенге қуанып жүр.
Жас ұлғайған кездегі тағдыр солай,
Жазыла алмай кейбір шал қиналып жүр.
Қайтесің өмір заңы бағындырды,
Кәрілікке әкеліп табындырды,
Шіркін жастық шағыңды сағынғанда,
Көңілің қиял мініп сағым қуды.





Пікір жазу