10.09.2022
  151


Автор: Кәрім Жұмағалиев

Адвокат

Адвокат Латын сөзі - «Жедел жәрдем».
Шақырса заң жүзінен көмек берген.
Қызметі бар кәсіби-адвокатқа,
Іздеп келер адамдар жәбір көрген.
Адвокатқа заңдарды білу қажет,
Ой өрісін отырмай босқа тежеп.
Адвокаттың абыройы өсе берер,
Клиентке ұтымды берсе көмек.
Клиентке жабылған болса жала,
Дер кезінде адвокат болад пана.
Заңның бабын сараптап дәлелдеумен,
Бар тәсілін жұмсайды оны - ақтауға.
Адвокат қорғау жолын айқындайтын,
Заңдылықты жақтайтын, сатылмайтын.
Әділдікке күресіп тергеушімен,
Прокурор мен соттан да тартынбайтын.
Адвокатты атайды - Қорғаушы деп,
Заңгерлік білімі мол барлаушы деп.
Адвокаттың кейбіреу атын сатып,
Бұл күндерде білімсіз алдаушы көп.
Сондықтан қаулы алынды тексеретін,
Білімдіні көтеріп ескеретін.
Сай келмейтін кәсіпке адвокаттық,
Білімсізді қызметтен екшелейтін.
Елу жыл тәрбиелеп ұрпақтарды,
Кәсібім - Адвокат боп тұрақталды.
Заң жолымен Адамды қорғайтұғын,
Осы кәсіп өзіме ұнап қалды.





Пікір жазу