МЕЙРІМДІ МЕНІҢ ҚЫЗДАРЫМ
Ей, Жамағат, көз бен қыздың хикаясын айтпақпын,
Бастан өткен оқиғаны алдарыңа тартпақпын.
Күнделікті тіршіліктің күйбеңімен мән бермей,
Көз бен қыздың қасиетін, енді ғана байқаппын.
Көз деген сөз байқасаңыз үш дыбыстан құралған,
Көзсіз адам ғарып болып қызықты өмір сүре алман.
Көзім ауырып, көре алмай бұлдырланып қалғанда,
Жарық дүние секілденді қас-кағымда ұрланған.
Егде тартып жас ұлғайған, жетпістен асқан кезімде,
Бұлтты күндей, тұнжыраған жағдай кешті көзім де.
Емделуге тәуіпке де, емшіге де бардым мен,
Шыдай алмай көзім көрмей, қапас қара төзімге.
Көз бұлдырлап газет-кітап оқи алмай зарықтым,
Қалып қойдым ортасында қараңғы мен жарықтың
Зейнетақы көздерімді емдеуге де жетпеді,
Мен еріксіз қалып қойдым қыспағында нарықтың.
Көзімді мен жоғалтқандай бұл өмірде тарықтым,
Кешке жақын машинаны айдаудан да қалыппын.
Байқағаным қараңғылық-жарықпенен екеуі,
Секілді екен арасындай өтірік пен анықтың.
Білмеппін-ғой өмір міне осыны да таныттың,
Енді сездім айырмасын кедейлік пен байлықтың.
Тіршіліктің қамын ойлап, дүние қуып жүргенде,
Байқамаппын катарак боп көзді құртып алыппын.
Айналайын Ғалия-Раушан асыл боп туған қыздарым,
Мен дегенде ықылас,мейірім, көңілдеріңді бұзбадың.
Екі жақтап екеуің де бір адамдай қосылып,
Қуып шықтың көзіме келген катарактың ызғарын.
Соқырлыққа мені сірә екеуің де қимадың,
Қолға түскен пұлдарыңды тырнақтап жүріп жинадың.
Москвалық Конаваловқа операция көзге жасатып,
Көзіме менің жарық дүние, қайтадан нұр сыйладың.
Қыз деген сөз, көз сияқты үш дыбыстан тұрады,
Қыз қадірін кейбіреулер кештеу барып ұғады.
Сендер егер бұл дүниеде болмағанда қыздарым,
Жанар-жанбас екі талай, көзімнің от боп шырағы.
Кейбіреулер менсінбейді бала емес деп қыз деген,
Сол бейбағың кеуде қағып қыз мейірімін білмеген.
Хадистерде жазылыпты сүйген құлын ардақтап,
Алла-Тағала шын ықыласпен әдейі арнап қыз берген.
Қыздың жолы жіңішке ғой, жаны нәзік шыбындай,
Кейбіреулер мән берместен жүреді оны ұғынбай,
Ей, Адамзат қыздар асыл, қыздар АНА болашақ,
С о н д ы қ т а н д а,
Сақтаңдаршы қыздарыңды көздің карашығындай!