10.09.2022
  121


Автор: Кәрім Жұмағалиев

Өлең

Өлең сөзден құралып, сөз дыбыстан,
Ұйқасы дыбыстарды мың құбылтқан.
Ой мыйыңды аралап, тілге түсіп,
Сөздерден өлең шығар ұғылысқан.
Жақсы өлеңнің мазмұнын мадақтайтын,
Буындары секілді бір туысқан.
Өлең сөзден құралып, шумақтанып,
Буынымен жолдары ырғақталып.
Тілі таза болмаса ол өлеңнің,
Талқанға ұқсап кетеді құрғақтанып.
«Өлең сөздің патшасы» деген АБАЙ,
Болу керек сол үшін өлең қандай.
Жан-дүниеңді толқытып, ерітетін,
Тілінің тәттілігі болса балдай.
Өлең шығад кей кезде ағыл-тегіл,
Шабыт шалқып,ой толқып, болса көңіл.
Дыбыстар үндестікпен мың құбылар,
Ұйқасымы болса егер тілге жеңіл.
Төрт жолы жорға аттың аяғындай,
Тілі өткір ұшқан құстың қанатындай,
Мәр-мәр сөзі, мазмұны РУХ беріп.
Жаулап бір көңіліңді алатындай.
Ондай өлеңді оқысаң жанатындай,
Ол өлеңнен жан сая табатындай.
Жаман өлең кездессе тұрғандайсың,
Жалғыз боп айдалада қалатындай.
Өлеңге бар адамдар жаны құмар,
Әр сөзін, әр нақышын ұйып тыңдар.
Көре алмайтын көр соқыр қызғаншақтан,
Айтылады орынсыз кейде сындар.
Өлеңді бар адамдар тыңдамайтын,
Мазмұнына мән беріп ұға алмайтын.
Кейде маған көрінеді секілденіп,
Ондай адам өзін де сыйламайтын.
Әркімге оңай емес өлең жазу,
Мазмұнына ыңғайлы сөздер табу.
Жақсы өлеңді жазуға, дәл Өзіме,
Секілді инеменен құдық қазу.





Пікір жазу