09.09.2022
191
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-09-09-16-15-28.png)
Жанарға
Рұқсат болса бастайын,
Әдеттен ары аспайын.
Алдарыңызда тұрған өзімді
Таныстырып тастайын.
Атымды қойған Жанар-деп,
Оқып білім алар-деп.
Халқының қалаулы қызы боп,
Өмірден орын табар-деп.
Әкемнің аты Тағабай,
Басқа істі қаламай.
Дәрігер боп адамды емдейді,
Уақытпен еш-бір санаспай.
Гүлнәр-деген Анамды,
Өмірге ашқан санамды.
Жанымдай жақсы көремін,
Рүстем деген ағамды.
Тыңдасаңыз жамағат,
Сара әжем менің ғаламат.
Жетпіске келген жасында.
Кәрім атам – адвокат.
Мысығым аты Леонард,
Айтқанымды ұға алад.
Сабақтан үйге келгенде,
Секіріп тұрып қуанад.
Оқимын екінші сыныпта,
«Қыз сыны»-деген сынаққа.
Халайық өзің айтарсың,
Өлеңім менің ұнап па ?
Алматыда тұрамыз,
«Қыз сыны» мәнін ұғамыз.
Таныстырып бітірдім,
Сұрақтар болса, сұраңыз.