09.09.2022
  101


Автор: Кәрім Жұмағалиев

ДЕГЕН ЕКЕН

Баяғыда жастау бір ақынсымақ,
Өзінше өлең, жазатын жамап-құрап.
Өзін-өзі көтеріп ақынмын-деп,
Жүретін үлкендерге жақынсырап.
Бір күні Мұхаңа кеп мақтаныпты,
Шабытымның көптігі соншалықты.
Дәретхана ішінде отырсамда,
Өлең жазам деп сырын ақтарыпты.
Сонда Мұхаң жігітке сөз таситын,
Келді-ау кезің дегендей бас қаситын,
Бәсе-депті, түсіндім сол екен ғой,
Оқысам өлеңіңнен, боқ саситын.
Деген екен Мұхаңдар ұлағатты,
Ол сөзі жас ақынға ұнамапты.
Бір сөзінен Мұхаңның тауып айтқан,
Накауд боп орнынан тұра алмапты.
Дәретхана түгілі, таза ауада,
Өлең жолы содан соң құралмапты,
Естен танған мақтаншақ ақынсымақ,
Содан кейін Мұхаңа жоламапты.
Бұл бір мысал ойлансақ бәрімізге,
Жастарға да, зиялы кәрімізге.
Мұхаңның осы сөзін еске сақтап,
Асып кетпей қарайық әлімізге.





Пікір жазу