Шабыт
Шабыт – деген адамның көңіл күйі,
Алланың ол адамға берген сыйы.
Көңілді боп, сайраңдап жүрсең егер,
Шабыт та басыңызға келед жиі.
Өлеңді жазуға да, шабыт керек,
Өлең жазу өзгеден мүлдем бөлек,
Біреуге өлең жазу кәсіп болса,
Өлең жазу, біреуге болған ермек.
Жұмысты істеуге де шабыт керек,
Шабыт келсе миың да, болад зерек.
Өрге тасың домалап, жолың болып,
Істеген іс нәтиже, табыс беред.
Тіл табуға әйелмен шабыт керек,
Ол үшін көңіл күйің болсын сергек.
Қай еркектің шабыты келмес дейсің,
Әйел тұрса аймалап, желеп-жебеп.
Шабыт-деген адамның көңіл күйі,
Жан дүниесін қозғайтын ішкі сыры.
Сол сырыңды білдіртпей жетелейтін,
Шабыттың да, болады неше түрі.
Шабыт-деген көзіңе көрінбейтін,
Дәмі жоқ, иісі жоқ, білінбейтін.
Шабыт келсе ой сергек, көңіл шалқып,
Жаулап алар өзіңді емін-еркін.
Ол тас емес, ұрғанда бөлінетін,
Ол су емес, шайқасаң төгілетін.
Ол да іздеп, адамын тауып алар,
Жоламайды жалқауға ерінетін.
Шабыт келсе өлеңді шығарасың,
Әр сөзін миға тоқып ұға алатын.
Шабыт келсе өзімді сезінемін,
Жүргендей боп аралап жыр алқабын.