09.09.2022
  137


Автор: Кәрім Жұмағалиев

Өмір - өзен

Өмір-өзен, ағып жатқан білінбей,
Жастық шағың көктемнің бір гүліндей.
Сыртқы бейнең қартайғанда көрінер,
Бәз бір бөздің оңып кеткен түріндей.
Өмір-өзен, ағып жатқан білінбей,
Бірде қатал, бірде жұмсақ күлімдей.
Сыртқы бейнең қартайғанда көрінер,
Тұнжыраған бұлтты күздің күніндей.
Өмір-өзен ағып жатқан білінбей,
Сол өмірде жүргің келед сүрінбей.
Қартайғанда балықшыдай боларсың,
Отырғандай қармағыңа бір шабақ та ілінбей.
Өмір-өзен жылжып аққан тоқтаусыз,
Жастық шағым өтіп кетті-ау жоқтаусыз.
Қартайғанда секілдісің аңшыдай,
Мылтығы бар, бірақ ол да порығы жоқ оқтаусыз.
Өмір-өзен, арнасымен ағылған,
Жүреміз ғой асып кетпей тағдырдан.
Өмір заңы қартаюдан қорықпа,
Ол басында, жоспарланып пешенеңе жазылған.
Өзенінде жүзіп келем Өмірдің,
Ел-жұртыма салиқалы, Қария боп көріндім.
Жас ұлғайып жетпіс жастан ассам да,
Бәрінен де қартаймасын көңілім.





Пікір жазу