09.09.2022
  100


Автор: Кәрім Жұмағалиев

ШИПАЖАЙДА

Шілденің аяғында жолдама алдық,
Еш нәрсеге бұрылып қарамадық.
“Қазақстан” дейтұғын шипажайға,
Сарамен демалуға бара қалдық.
Демалушы көп екен, бала-шаға,
Қатарымызды іздейміз ішінара.
Нәкең мен Ғабекеңдер бір төбе боп,
Көрінді өзгелерден жеке-дара.
Ғабекеңнің бар екен ақындығы,
Нәкеңнің ән айтуға жақындығы.
Баяғыдан таныстай, бөтенсінбей,
Көңіліміздің болмады салқындығы.
Үйге де уақыт жетті қайтатұғын,
Қош айтысып тілектер айтатұғын.
Көрінбейтін бір елес пайда болды,
Арамызды жақын қып тартатұғын.
Нәкеңнің шырқап салған әні қандай,
Рымкештің сұлулығы, сәні қандай,
Нәкең мен Рымкешке қарасаңыз,
Күн мен Айдың арасы қосылғандай.
Сағындық Ғафекеңнің өлеңдерін,
Өлеңіне ән қосып өрер ме едім.
Құдай қосса Ғафеке өзіңізге,
Жеңгей тауып жуықта берер ме едім.
Өлеңін тыңдайықшы Ғафекеңнің,
Сұрайық ән салуын Нәрекеңнің.
Арасында тыңдайық кезек беріп,
Шығарған әуездерін Қарекеңнің.
Бүгін міне жиналдық бас қосуға,
Сіздерге арнап Сара да ас тосуда.
Рымкеш пен Сараны ортаға алып,
Құдайым жазсын бізді достасуға.





Пікір жазу