09.09.2022
  101


Автор: Кәрім Жұмағалиев

Абай

Ассалаумағалейкум Ата-Бабам,
Абай атам өзгеден дара туған.
Рухыңа арнап бір ауыз өлең жаздым,
Мен жерлесің өмірге жаратылған.
Сізге мен болған істі баяндайын,
Айтайын тілім жетсе аянбайын.
Жіпке өткізген моншақтың тізбегіндей,
Кейінгі ұрпақ сүрген өмір жайын.
Кеткенбіз жетпіс жылда орыстанып,
Қалаға көштік түгел қоныс қалып.
Балаларды оқыттық орысшаға,
Ұмыт болды Ана тіл естен танып.
Еріксіз қысымшылық болды жағдай,
Көндік біз амалсыздан үндей алмай.
Балаларды орысша оқытпасақ,
Қалатын болды олар күн көре алмай.
Шынымды айтып шырылдап шағынамын,
Алып туған өзіңді сағынамын,
Халқың сені ұмытпай еске алуда,
Мен дағы аруағыңа табынамын.
Атом бомба жеріңде жарылғанда,
Дүние бір уыс боп тарылғанда.
Шыдай алмай Рухың да айтқан шығар,
Қалың елім қазағым арың қайда.
Өлеңіңді жасымнан жаттағанмын,
Кемшілігім ақын боп тартпағаным.
Бір ауыз өлеңімді сынай көрме,
Жерлесің болғаныма мақтанамын





Пікір жазу