09.09.2022
  110


Автор: Кәрім Жұмағалиев

Өмір

Біреулерде Өмір мұхит, толқындары тулаған,
Біреулерде Өмір шөлейт, шаңы шығып қуарған.
Біреулерде Өмір бұлақ, шөлдегенде керегінше суарған,
Біреулерде Өмір шалшық, суы құрып суалған.
Біреулерде Өмір сұлу, кыз балаша киінген,
Талайларды тамсандырып маңайына үйірген.
Өмір суық, біреулерді ызғарымен тоңдырып,
Небір жақсы жайсаңдарды ыстығына күйдірген.
Біреулерге Өмір тәтті бал шырынын жегізген,
Біреулерге Өмір ашты, тұзды сумен емізген.
Бес саусақты бірдей етіп жаратпаған бұл Өмір,
Біреулерді арық етіп, біреулерді масқара ғып семірткен.
Арықтар жүр армандаумен, семіздей боп семірсем,
Семіздер жүр армандаумен, арықтай боп кемісем.
Өмір-деген тартыс-талас, шым-шытырық арпалыс,
Адамдар аз жақсылық пен жамандықты тең жартылай
бөліскен.
Адамдар бар арамызда пайдасы үшін арын сатып кететін,
Керек болса, адамдардан көпір жасап дариядан өтетін.
Біреулер бар қимас досын арыз айтып жамандап,
Арсыздықпен армандаған пайдасына жететін.
Біреулер бар әкімдікті жаны сүйіп жататын,
Әкімдікті алу үшін, Әке-Шеше, бала, жарын сататын.
Әкім құмар кездейсоқта жолда тұрып қалатын,
Қимас досын мылтықпенен қақ жүректен ататын.
Біреулер жүр масаттанып қызметіне семіріп,
Біреулер жүр қылмыс жасап, түрмеде отыр телміріп.
Өмір қатал, айтқанына кімді болса көндіріп,
Көнбеймін мен дегендердің, жібереді жаққан отын
сөндіріп.
Біреулерге Өмір берген үйіп-төгіп дәулетті,
Біреулерге таудай талап берсе дағы, бақ берместен әуре
етті.
Біреулердің қабілеті болса дағы, бермей оған мәулетті,
Бақ берген соң, қабілеті жоқ адамдар, сүреді өмір сәулетті.
Біреулерге Өмір берген, үйіп-төгіп бақытты,
Біреулерге бақытсызсың деген атақ тағыпты.
Бақытты да, бақытсыз да, бұл өмірден көзді жұмып
кеткенде,
Жалған дүние арттарында керексіз боп қалыпты.
Сондықтан мен айтқым келед, бері қара жарандар,
Бір-біріңді қадір тұтып, туыс етіп санаңдар.
Алып таста, болса егер пиғылыңды жамандар,
Бір-біріңе қамқор болып, жылы жүзбен қараңдар.
Осы отырған үлкен-кіші, барлығыңда балаң бар,
Ата-Ана баласына жақсы бол деп алаңдар.
Тәрбиелеу ұрпақтарды, міндетіміз жарандар,
Ұрпақтардың болуы үшін, жаны жақсы адамдар.
Қызылорда. Қаңтар, 1985 жыл.





Пікір жазу