09.09.2022
153
Бұл өмірде
Бұл өмірде:
Тамылжыған, жайма шуақ, күндер бар,
Бұл өмірде:
Адамдарға жарасатын, не бір сұлу түрлер бар,
Бұл өмірде:
Тікенектің арасында, өсіп тұрған гүлдер бар,
Бұл өмірде:
Өсек айтып, шағыстырып, жамандайтын тілдер
бар,
Бұл өмірде:
Әділетсіз жағдайлардан туындайтын зілдер бар,
Бұл өмірде:
Қапас-қара ұйықтатпайтын түндер бар,
Бұл өмірде:
Ойландырар, зарлы-сазды үндер бар,
Бұл өмірден:
Армансыз боп , өтіп кеткен кімдер бар?
Қызылорда облысы. Шиелі қыстағы. 1979 жыл