09.09.2022
433
![](/uploads/shorttexts/author_image/1501128244-t-r-kopiya-kz.jpg)
Адамгершілік
Ақиқат пен адалдық –
Жүрген бізді адам ғып.
Жол бергенің өсекке –
Тамып тұрған надандық.
Азаттық пен махаббат –
Бізге тиген шапағат.
Зұлымдыққа жол беру –
Беттен соққан шапалақ.
Еркіндік пен еркелік
Қойған бізді серке ғып.
Сойқандыққа жол беру
Дәл маңдайдан шертеді, ұқ!