09.09.2022
116
![](/uploads/shorttexts/author_image/1501128244-t-r-kopiya-kz.jpg)
Айтылмаған ақыл
Қасқырша кемір, ит болып мүжі, мә, сүйек,
Тек саған ғана жаралған болса, бас – иек.
Аң болып кетпей,
адам боп қалсаң, әманда,
Қызара білу, ұяла білу – қасиет.
Жосадай болса сойқанға толы әр ізің,
Тарайды өсек.
Ауыл-үй маңы – тағы ызың.
Қойныңа қанжар тыққанша, адам болсайшы,
Үлкенге құрмет,
кішіге ілтипат – парызың.
Үйретсе де өмір адамгершілікті жалықпай,
Мінезіңді-ай жылпың,
сусылдап тұрған балықтай.
Адамша сөйлеп, адамша жүріп ас ішіп,
Адам болуды жүргенің жаман әлі ұқпай