09.09.2022
  100


Автор: Төлеген Рахымжанұлы

Мәңгілік шарты

Қаза қайдан,
кім білсін,
Ажал айтып келмейді!
Өлең сөзі – бүлдіршін,
нәресте тіл сөйлейді.
Отқа өртенсем,
намыстан
Күйіп кетті дегейсің.
Оққа көнсем,
оқыстан
Тиіп кетті дегейсің.
Су ағызса,
Кебінін
Киіп кетті дегейсің.
У тамызса,
Желігін
Тыйып кетті дегейсің.
Жіпке асылсам,
нәсілі
Түсіп кетті дегейсің.
Пышақ ұрсам,
әсілі
Ішіп кетті дегейсің.
Туса атаға тартып ұл,
Шежіре ғой көңіл-хат.
Мәңгіліктің шарты бұл:
Өмір – сағым,
Өлім – хақ





Пікір жазу