09.09.2022
109
Сәт пен мәңгілік
Мәңгілік пе Адам Ата, Хауа Ана?!
Жауабы жоқ сұрақ келді дау ала.
Мәңгілікке қол сұғады кез келген.
Мәңгілік не?
Кеңістік не?
Ауа ма?
Мәңгі қалар Жер-әлемде бекзат па,
Жауап тауып жасырдық па зәузатқа?!
Кінәсіз бе,
Күнәсіз бе мәңгілік?!
Мәңгілік не?
Ақ сезім бе?
Ақ зат па?
Мәңгі айналыс табар ма қар ақ ұшпа,
Мәңгі үзілмей айтылар ма ән-ұста?!
Мәңгіліктің қозғаушысын кім тапты,
Мәңгілік не?
Орбита ма?
Ғарыш па?
Мәңгілік пе іңкәр сезім – махаббат,
Мәңгілік пе тұлпар сөзді шапағат?
Өмір бойғы еркіндікке не жетсін,
Бір-ақ сәтте құртар көзді шапалақ.