09.09.2022
  67


Автор: Төлеген Рахымжанұлы

Жалғыз желкен

Өмір – қисын, ал ақын айыпты ма,
Өлең – дария, қаламгер қайықшы ма?!
Ақжал толқын кеудесі көтерілер,
Ақ айдыннан құшағын жайып шыға.
Толқын ұрып қайықты сабалауда,
Еркін жүзіп жетер ме жағалауға?!
Қайрап, жанып, қылпытып өр намысты,
Үрей, күдік, тәуекел бағалауда.
Қақ жарғандай толқынды отты арманым,
Қалай болар орта жол тоқталғаным?!
Ақындығым алыстан ағараңдап,
Жалғыз желкен сияқты боп қалғаным.





Пікір жазу