09.09.2022
  141


Автор: Төлеген Рахымжанұлы

Қызарып батқан кеш қандай...

Қызарып батқан кеш қандай,
Бозарып атқан таң сәрі.
Арманнан өзге ешқандай
Адамның болмас аңсары.
Арманым шырқау тым биік,
Қол жете қою неғайбыл.
Алдымда – түпсіз тұңғиық,
Артымда – жыныс тоғай бір.
Армандап шығар кенже тер,
Қол жете қоймас – ой жетер.
Ұл болып туса – ер жетер,
Қыз болып туса – бой жетер.
Анам мен, сірә, әкемнен,
Бар әлем маған аппақ нұр.
Айнала қауіп-қатерден
Сол арман мені сақтап тұр.





Пікір жазу