09.09.2022
83
Базар
Қоғамың осы: заңға зар,
Базарың осы: қан базар.
Ұсынатындары белгілі:
Самопал, “Талас”, “Алмазар”.
Дәуренің болмас масқа зар,
Дәрменің қалмас бас жазар.
Қатыгездікпен шыңдалып,
Жетіліп шықты жас базар.
Қылмыс пен жаза сотқа зар,
Қырғыш пен азап боқ қазар.
Кемпірмен сауда жасай ма,
Жас қызды сатқан көк базар?!
Азамат қайда салты бар?
Ұялған бетте ар тұрар.
Үлесім болса, қағып кет,
Сыбағам болса, тартып ал!
Келісім бар ма тоқтасар,
Терісің, кәне, боқтасар?!
Бейбақпын неге көнбеген
Сайғақпын сере отқа сал!
Қоғамың осы: заңға зар,
Заманың осы: ән жазар,
Сыпайы сауда жүрмейді,
Базарың осы: қан базар.