![](/uploads/shorttexts/author_image/1501128244-t-r-kopiya-kz.jpg)
Жастарға
Үй болып тұрмыс құрмағандар,
Үйреніп қылмыс қылмағандар,
Ант беріп сөзін жұтпағандар,
Жалт беріп көзін жұптағандар,
Дау іздеп даярланбағандар,
Арызбен аярланбағандар,
Ұрланып пайда таппағандар,
Шыңдалып байға жақпағандар,
Нашарды жаныштамағандар,
Қашанғы қарыштамағандар,
Қиыннан тұра қашпағандар,
Жиыннан сынақ ашпағандар,
Дос-жарды өсектемегендер,
Жоспарды есептемегендер,
Туыспен төбелеспегендер,
Ел-жұртпен ерегеспегендер,
Араққа ауызданбағандар,
Ақшаға қарызданбағандар,
Сыраға сусындамағандар,
Сұранып сусылдамағандар,
Нағашы құнықпағандар,
Ұрлықты құрықтағандар,
Сыбаға, үлес алмағандар,
Сірә да, күресе алмағандар,
Сөзімді сендерге арнадым,
Төзімді емдеуде арманым.
Ақылды салмақтай көріңдер,
Жақынды ардақтай беріңдер.
Жатты да туыстай сыйлаңдар,
Бақты да суыспай жинаңдар.
Жүретін жолыңды жаппаңдар,
Күлетін жөніңді баптаңдар.
Осыны түгел құп алатындарың,
Қосыны жігер жұрағатым – бәрің!