09.09.2022
  92


Автор: Төлеген Рахымжанұлы

Наурыз

Ай жүдеп,
солғын тартып,
жұлдыз арып,
Қалыпты арқан бойы күн ұзарып.
Көңілі босамайтын суық еді,
Жылатып,
қарды қойған кім ыза ғып?!
Сүрі қар ұйқыдағы бастырылып,
Ақырғы қуатымен тасты бүріп,
Адуын мінез былай қалып қойып,
Арықта бұралады аш бүгіліп.
Бұл мезет қарды осылай қалжа қылып.
Білінбей өзгереді таң жамылып.
Бейкүнә қолыменен тал-теректің
Бойына алқа тақты маржан іліп.





Пікір жазу