09.09.2022
  95


Автор: Төлеген Рахымжанұлы

Жол

О, жол... жол!
Қызметің ала бөтен,
Сапарда тек жақсылық талап етем.
Азапқа жолда жүріп қалады екен,
Ғажапқа жолмен жүріп барады екен!
Жол сапар – жер танытар білгіш осы,
Жігіттің жолда ашылар тұңғыш есі.
Оны да азап шеккен адам білер:
Жолдың да көп екен ғой түрлішесі.
Өмірде сүрлеу болса,
соқпақ та бар,
Жеткізер жақсылықты топтап хабар.
Қатынас жасамаса жолаушылар,
Үлкен жол –
күре тамыр тоқтап қалар.
Жеңіске жеткен болса,
маңдай да нық,
Жүргендей жолсызбен де қайран халық.
Ішектей шұбатылса дала жолы,
Тау жолы тұрар ылғи айбарланып.
Жол деген – бүкіл қоғам қан тамыры,
Жүкті де тасымалдап тартады ірі.
Көліктің созылмайды қаңтаруы,
Бағыттан тайып кетіп жалтаруы.
Тәліммен сыйлау бөлек жол-ананы,
Топ емес,
жол болар деп орамалы.
...Тапқанша өз жолымды мен әкемнің
Талтаңдап ізін басып келем әлі.





Пікір жазу