meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  09.09.2022
  139


Автор: Төлеген Рахымжанұлы

Іңкәрлік

Алыс құздың биігіне іңкәрмін
ес білгенше.
Таныс қыздың сүйікті үніне іңкәрмін
естілгенше.
Гүл арманның жүйріктігіне іңкәрмін
Бұрын жетер.
Бұл жалғанның сыйлық гүліне іңкәрмін
Күлімдетер.
Жас өмірдің тәттілігіне іңкәрмін
тілді үйірген.
Қос көңілдің пәк күлуіне іңкәрмін
бір бүйірден.
Құйын желдің нұр ұшқынына іңкәрмін
дөңгеленген.
Дүйім жердің тыныштығына іңкәрмін
Ел бөленген.





Пікір жазу