09.09.2022
  89


Автор: Төлеген Рахымжанұлы

Ақсудан “Қатын” жаққа бет түзеді

“Қоңыр күз еді” деп тез кеп қойғаным,
“Менің ағаларыммен” көп тойладым.
“Бұқтырма сарынына” елтіп жүріп,
“Тұйыққа” тіреле ме деп те ойладым?!
Аралар “Қараорманды” ұғып қандық,
“Ақсу – жер жаннаты” екенін біліп алдық.
Ақсудан “Қатын” жаққа бет түзеді,
Шындыққа шеберлікті кіріптар ғып.
Болған соң лауреат озық атың,
Жазбайды Қалихансыз сөзін Әкім.
Басталып Алматыдан, Топқайыңға
Өлеңі Тұманбайдың созылатын.
Эссесі, сценарий, драмасы,
Сәулетті, көркем сөздің мұнарасы.
Дәмештей жеңгемізбен қоса ағарып,
Бүгінде алпысқа кеп тұр ағасы





Пікір жазу