09.09.2022
119
Таң қалу
Досыңа таңқап көне көз, дәмдес өзгерген,
Ажалға таңқап ауыртпай төте тез келген.
Жеріңе таңқап өлшенбес метір, кездермен,
Құрбыңа таңқап өсекпенен сөзге ерген.
Жақсыға таңқап өсекші айтқан сөзге ерген,
Жаманға таңқап хамелеонша өзгерген.
Жастарға таңқап тоқтықтан болған сергелдең,
Асқарға таңқап бағасы төмен шөл жерден.
Ұлылар сөзін ақыл қып елге тең бөлген,
Асылдар қанша жаңғыртып айтып жөн көрген.
Ауызбен орақ оратын жалқау ездерден,
Іргеңді аулақ салып та талай безгенмен,
Амалың қанша көрмейсің бірін өзгерген.