09.09.2022
159
Мен сені жақсы көрдім...
Мен сені жақсы көрдім,
Тұнжырап қарасыңнан.
Жаныңды аласұрған.
Сездірмей жүргеніңнен,
Жымыйып күлгеніңнен,
Көрініп ақ тілегің.
Мен сені жақсы көрдім,
Айқайлап «сүйдім» демей
«Жанымды қидым» демей.
Телміріп тылсым көзге,
Мұңайып күрсінгенде,
Шығармай тәтті лебің.
Мен сені жақсы көрдім,
Сүрінсем сүйеуіңнен,
Риясыз күйе білген.
Алаңдап жолдарымнан,
Сыртымнан қорғауыңнан,
Секілді пәк тірегім.
Мен сені жақсы көрдім,
Сөзіңнің нақтығымен,
Кіршіксіз пәктігіңнен.
Даладай дарқан жүрегіңмен,
Баладай аңқау мінезіңмен,
Көңілді таптың өзің.
Мен сені жақсы көрдім,
Батырдай аңғалдығыңнан.
Хал ұққан арман мұңымнан.
Жүрекпен жүректегі үнді,
Сезінген зеректігіңнен,
Жақсы көрдім,
Мен саған бақ тіледім.