09.09.2022
  129


Автор: Төлеген Рахымжанұлы

Тегершігі өмірдің тоқталмайды...

Тегершігі өмірдің тоқталмайды,
Қуалайсың арманың – көк торғайды.
Шоқ тұтанса тұтанар күл болғанша,
Күл тұтанып қайтадан от болмайды.
Сағым болып жас күнің қайқаңдайды,
Ұлғайған шақ талғам мен жай таңдайды.
Солған тамыр бойымен қан жүгірмес,
Қураған гүл қайтадан жайқалмайды.
Көздің жауын алатын кереметтей,
Мен сонда да дүниені керек етпей,
Шыр айналып өлеңді шыға алмадым
Отқа түсіп кететін көбелектей.
Орып айтар орамға тіс батпайды,
Көрікті ойды көбік сөз қыспақтайды.
Құрық ұстап, бұғалық тастасам да,
Асау өлең жалынан ұстатпайды





Пікір жазу