09.09.2022
  73


Автор: Шәдәт Нұрсапақызы

Мыңбұлақ

Көгалы бүрлеп бұрқырап,
Жәндігі шулап-шұрқырап.
Қарақат көздей тұнжырап,
Ағатын күліп сыңғырлап.
Айналдым әсем Мыңбұлақ.
Әткеншек тепкен түнде ұзақ,
Айтылған әсем сырға ұқсап.


Толқының тулап ырғыса-ақ,
Кететін тәтті жыр ұқсап,
Айналдым әнші Мыңбұлақ
Жайқалған жағаң бұлбұл бақ,
Әсем ән құлақ тұндырад,
Болса да қашық тым жырақ,
Ай аймалап, күн құлап,
Жататын кербез Мыңбұлақ.
Айналып жігер құмға ұсап,
Әйелден қанша сынды сақ.
Жастарын жуып айлы шақ,
Апалар айтқан мұңды сап,
Ағатын ойлы Мыңбұлақ.
Құлыншақтай құлдырап,
Жағаңда талдан міндік ат.
Сол суреттер көрінген,
Экраныңнан бұлдырап,
Ағатын ойлы Мыңбұлақ.
Шалдықпай шапқан тың, құр ат,
Көрмеген құты бір құрап,
Меруерт, маржан, інжу ап,
Шашатын шашу сый құлап,
Ағатын шүлен Мыңбұлақ.
Мың ақыннан үн құрап,
Қараңғы түнді күнге ұлап.
Ғасырлар сырын жаттаған,
Шежіресің, Мыңбұлақ.
Бабалардың ескірмес,
Көзі де сенсің, Мыңбұлақ.





Пікір жазу