09.09.2022
370
КҮНЕС-АЙ
Басы Күнес Іленің, деген ақын кім едің,
Туған жерін аңсамау, жұмыр басты мін едің.
Сары ауру сағыныш, табар дейсің кім емін,
Бір аралап қайтуға қиял тұлпар мінемін.
Қайырмасы:
Кейде өзіңе бұлданып,
Алушы едім – Күнес-ай!
Алыс кетсем мұңданып,
Қалушы едің – Күнес-ай!
Бауырыңа бір барып,
Енейінші – Күнес-ай!
Көзім алды буланып,
Келейінші – Күнес-ай!
Пешенесі – Ақөзен, кесенесі – Бестөбе,
Алмалы мен Телғара – анам тіккен кесте ме?!
Қарабура қомданып,
Нарат қамдап көшкен ел,
Аққолтықтың күнгейлеп соғар желі есте ме?!
Қайырмасы:
Өріктіарал,
Жаутоғай, тұнып тұр бір сезіммен,
Көкшоқы анау ботам деп
боздап тұрған боз інген.
Боз жусаның, бөзіңмен,
көне зират көзіңмен,
Тік көтеріп төбеме, әкетсемші-ай өзіммен