09.09.2022
  124


Автор: Ермұрат Зейіпхан

ПЕРИЗАТ

Қысқалығы-ай десек те, өмірің майдан,
Қалқам саған ауды екен көңілім қайдан –
Перизат!
Мазалайды бір әуен өріліп ойдан,
Артық екен көктегі көрігің айдан – Перизат!
Қайырмасы:
Туған елдің сәнісің,
Тіршіліктің нәрісің,
Көкірегімнің әнісің,
Көңілімнің жарысың – Перизат!
Асыл туған анадан ақылың ерен,
Ақ тілегім тынар-ды ақыры немен – Перизат!
Туған елдің маңдайы, мақтаны сен ең,
Бал тамызған таңдайы ақыны мен ем –
Перизат!
Қайырмасы:
Жанға ләззат құйғандай,
Мың бұралған би қандай,
Бүкіл әлем ұйығандай,
Лебізің бар имандай – Перизат!
Тебірентер пейілді аңса күй бүгін,
Жүрер екен жүрегім қанша билігің – Перизат!
Ақ көңілім талпынса таңданба сұлу –
Ару нұры секілді Айша-бибінің – Перизат!
Қайырмасы:
Жәудіреп бір жанарың,
Кірпігіңді қададың.
От боп күйіп барамын,
Халім осы қарағым – Перизат!





Пікір жазу