09.09.2022
111
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-09-04-22-03-55.png)
ТҮСІМДЕГІ АНА
Бөлме іші қараңғы, түс көріп ояндым,
Көз алдым мұнартып, ауылым оралды.
Жан-жүйем жанары, анашым қарайды,
Туған жер самалы ақ шашын тарайды.
Қайырмасы:
Ана, түс көрдім жаңа,
Түсімде мені тербетіп отырсың, Ана!
Қуалап арманды, қуалап сағымды,
Өмірдің талқысы қажытты жанымды.
Құлының сағынды – үніңді жағымды,
Ақ тұман ауылды, ақ маржан жауынды.