09.09.2022
  96


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Дүние – дүние-ақ!

Дүние – дүние-ақ!
Сен мені іздегенде,
Мен оны іздегенімде.
Дүние – ғажап!
Сен мені тапқан кезіңде,
Мен оны тапқан кезімде.
Дүние – мазақ!
Сен менен тойынғаныңда,
Мен одан тойынғанымда.
Дүние – тозақ!
Сен менен жерінгеніңде,
Мен одан жерінгенімде.





Пікір жазу