09.09.2022
  107


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Бұлты бұл сәуірдің қара сұр ма....

Бұлты бұл сәуірдің қара сұр ма,
Қамықпа қайран жүрек, аласұрма.
Қаралығы – қара шаш көктем қыз да,
Тағынған қара алқа, қара сырға.
Бұлты бұл Сәуірдің көк шуланнан,
Қаз-тырна көп шуланған өтсін маңнан.
Бауырына Алатаудың қонып жатыр,
Ішінде мен іздеген жоқсың ба арман?
Бұлты бұл Сәуірдің ақ мақта ма?
Барады жерді ақырын, таптап қана.
Көз жасындай ашқылтым әр тамшысы,
Дәмін алып көріп пе ең ақымақ бала!





Пікір жазу