09.09.2022
122
Көктегі жұлдыздар-ай жымыңдаған...
Көктегі жұлдыздар-ай жымыңдаған,
Жетеді сыбырлаған сырың маған.
Кім бар екен сендерге жылынбаған,
Жылынғандар жүрегі суынбаған.
Мекені тым бері де, тым ары да,
Жұлдыздар айналдыңдар құмарыма.
Қарамай Алматының мұнарына,
Көз салам ұзақ-ұзақ тұрағыңа.
Пенделер мекендеген шектен шыға,
Кеттіңдер ата-ана (деп пе ең жыла)
Біздің жайды дейтіндей көктен сұра,
Жұлдыз болып өздері кеткен, сірә...
Алатаудың етегі қала тынған,
Қара түн маң, айналдым қанатыңнан,
О, Жұлдыздар! Бір кеуде нала тұнған,
Сендерді санауменен таң атырған!