09.09.2022
  82


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Құз-қиядан іздеуші едім әсем гүлдің мекенін...

Құз-қиядан іздеуші едім әсем гүлдің мекенін,
Табан тозып, екі алақан жауыр боп.
Тынық күнде, желбір қаққан көйлегіңнің етегін,
Ойламаппын тау тасындай ауыр деп.
Қырына алса қылқа соғар жырындының бірі еді,
Жынын бүгін таппай отыр перілік.
Ақ балтырын айпаралай қыз етегін түреді,
Жынды бас жел ерігіп.
Ер мінездер елп етпейтін күйкі тірлік, сор-бейнет,
Езге болар қол байлау.
Мен дегенде ауырлығын көп танытқан сол көйлек,
Бұйрыпты бір момынға, аңғалдау.





Пікір жазу