09.09.2022
  110


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Тасбақа аяң...

Тасбақа аяң,
Қас қапас баян – оздырмас.
Қозғалдың – опақ, өзгелер қанын қоздырмас.
Шалдығып қалсаң, қабағын аспан тыжыртар.
Ал, Жер ана – Өзінің ұлын жазғырмас.
Әбжылан дүние алдады дерсің, арбады,
Көз майын құртқан ақжайма арты – көр қабы.
Алыстан енді елес боп қана елбеңдер,
Опат боп кеткен көп армандардың аруағы.
Иісіне иіп жұтқанда сөлін ерменнің,
Елігіп алам, о, сұлу арман, бері келгін...
Жерменен көктей бөлінем әлі екіге,
Желпісе жаным жел болып, қаным тербелгін!





Пікір жазу