09.09.2022
  107


Автор: Ермұрат Зейіпхан

Көгілжім тұман басқандай...

Көгілжім тұман басқандай,
Іркілдек қаланы,
Жыр іздеп жүрек қашқандай,
Бүлкілдеп барады.
Жасыны түсіп музаның,
Өртеніп барады.
Күйкі күн үзіп тұзағын,
Дерті өліп барады.
Қорғасындай еңісте,
Ой қалып барады.
Мына жалған бейішке
Айналып барады.
Ақша бұлттар бел асып,
Ары аунап барады.
Алатау бауырын кең ашып,
Алаурап барады.
Ән-аққу боп ұшар ма
Жаны ұшып барады.
Өлмес қармен ұшарда
Қауышып барады.
Көгілжім тұман басқандай,
Іркілдек қаланы.
Жыр іздеп жүрек қашқандай,
Бүлкілдеп барады.





Пікір жазу