09.09.2022
79
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-09-04-22-03-55.png)
Бейберекет талаптар...
Бейберекет талаптар,
Бейхарекет жауаптар.
Бұлдыраған жанарлар,
Тұнжыраған қабақтар.
Түп тегіңнен бөлексің,
Кім дер еді медетшің?
Қарыс азу арлан мен
Қанға жерік өлекшін.
Құзға сонау өрдегі,
Шығып бөрі сөйледі:
Сонда аспанның әмірі,
Зұлпықарын сермеді.
Тас пейілдер тапталып,
Бола қапты мап-мамық.
Көктен саулап көкжалдар,
Айналаны жатты алып.
Тау десі бар талаптар,
Тәубесі бар жауаптар.
Жалындаған жанарлар,
Жалынбаған қабақтар.