09.09.2022
  80


Автор: Ұлыхан Сұлтанқызы

Нар өркеш

Жасыл бұйрат таулардан, қыраттардан,
Зырлап өттім не жайсаң суаттардан.
Сырлы сұлу нар өркеш көз алдымда,
Қанас тұрды күн сүйіп шуақталған.
Көрдім тауды орманмен көмкерілген,
Қанас аспан секілді төңкерілген.
Көзім көрді асыл жер - алтын бесік,
Естігенмін әжемнің ертегінен.
Талай ақын аңсаған, армандаған,
Отты сезім силады ол, алдан маған.
Жыр беремін өзіңе, сыр беремін,
Тылсымыңа төзуім арман маған.





Пікір жазу