09.09.2022
  107


Автор: Ұлыхан Сұлтанқызы

Даңқ

Даңқ - еңбектің бағасы,
Даңқ - халықтың құрметі.
Даңқ - ерліктің шамасы,
Даңқ - тарихтың бір беті.
Даңқ қулыққа көнбейді,
Түсіп қалар ұрласа.
Күресінге жерлейді,
Даңққұмарлық шырмаса.
Ісің болса құнарсыз,


Даңқ-кілті аспанда.
Ісіңізбен ұнарсыз,
Қуып жетер қашсаң да.
Даңқ
Оттың ішінде,
Жарқырайды алтындай.
Еңбегіңе,
Ісіңе,
Төреші жоқ халқыңдай.





Пікір жазу