09.09.2022
  83


Автор: Ұлыхан Сұлтанқызы

Жарнама

Азаматпын, бірақ та ұл емеспін,
Өмірдің қожасымын, құл емеспін.
Шымырмын, шыңға біткен қарағаймын,
Мен әсте үлбіреген гүл емеспін.
«Азаттық» атты әкенің баласымын,
Көреді күллі әлемді қарашығым.
Өкінбен туғаныма әйел болып,
Мен бүгін талай ұлдың анасымын.
Достарым қатар шепте тұрды қалың,
Мен қалай ағызбаспын жыр бұлағын.
Тиянь-шань шыңдарынан жаям құшақ,
Қолың соз төрт мұхиттан, құрбыларым.





Пікір жазу