07.09.2022
  126


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Өр алтай

Алтайдың ақ басынан бұлт аумайды,
Ақ басынсыз еш жерді күн шалмайты.
Сай-саласы таулардың садып пен дүр,
Бұлақ суын шіліңгір жылта алмайды.
Он үш өзен – Ана Ертіс төстен құйған,
Үзілмеген қашанда көштен бұйдам.
Қарағай жалды айғыр жон күдірейген,
Бауырын ақайыл ғып көш жол қиған.
Ермен басын изесе мұрын жарған,
Бұралады бұлағы бұрымданған.
Сүмбіленің жұлдызы шығар зәуге,
Үр қызына ұлдайын ұрын барған.
Өр Алтайды деп білем Тәңір шыңы,
Мәігілік алып жатқан сабыр, тыным.
Қия бетті ғашықтай құшады арша,
Салмағын сазға салып самырсыны.
Сам саулайды секінің мойынына,
Түн тамады тік шаттың мойылына.
Толқыта кірер торғын шымылдығын,
Табиғат іңір қыздың қойынына.



Тамыз 2012 ж





Пікір жазу