07.09.2022
  145


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Арқармын ауған арқаға

Шаңыраққа қарап елеңдер,
Кереге көзді өлеңдер.
Қосын тіккен қолатқа,
Жарлы шайырды елеңдер.
Оу, такаппар фәниім,
Сені де бір сәт таниын.
Зеңгірді ғана көрсетер,
Борша-борша қара үйім.
Ежелдің ертегі елінен,
Алтайдың асқар белінен.
Бабам бір тіккен байрағын,
Арқаны аңсап келіп ем.
Қуса да қайда құйын мұң,
Туған жер тәубе!
Бұйырдың.
Арқармын ауған Арқаға,
Өлмеймін, жұлсам бұйырғын.
Жармасып боран жағамда,
Сары қурай боздап санамда.
Қусырып жерді барамын,
Ай қасаң қалып тағамнан...



26 сәуір 2012 ж.





Пікір жазу