07.09.2022
112
Кетсем бе ұшып сен жаққа
Жалғыз көз тірлік, жалмаңдай,
Қан ішіп құмары қанғандай.
Қолымдағы алтын сақаны,
Жезтырнақ тартып алғандай...
Күй кешемін бейуақта.
Сен жақтан туған толған ай,
Мен жаққа жетпей солғандай.
Бейуақ, қалдым бейсауат,
Құлаған ескі қорғандай...
Көз салар жан жоқ мен жаққа.
Өртенген жаным ормандай,
Сөнбейтін шоғы қалғандай.
Қызғалдақ гүлім сен құлпыр,
Көңілім менің солғандай...
Күй кешем қалқам, сен жоқта.
Сен өскен қарлы таулардай,
Қызғалдақ – ғұмыр баулардай.
Бір елес қолын бұлғайды,
Жалғыз үмітім қалғандай...
Кетсембе ұшып сен жаққа...
5 сәуір 2012ж