07.09.2022
109
Кешір мені туған жер – ардағы арманым...
Кешір мені туған жер – ардағы арманым,
Қиялымның бетке алып самғадым заңғарын.
Сезінбей кеткен қадіріңді сенің,
Көмілмей кеткен шаңдарым жолдағы.
Кешірші мені жасыл жай өңір,
Тұмаң сұлудың жасындай мөлдір.
Тұмаңмен бірге құлаймын таудан,
Келмейді сірә тасынбай өлгім.
Мына сұры жалған мұңын бүркеді,
Естіртпей Тәңірдің сыбырын тегі.
Қапас қала қамаладың - ау,
Қырларға мініп қыдырушы едім.
Жанторсық, құрт жоқ малталап ішуге,
Қорықтық та жоқ малтаға пісірген.
Алатау жаққа тасып жүремін,
Алтайдың тауын арқалап түсімде...
15 мамыр 2007ж