meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  07.09.2022
  165


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Құшақтап алып қыр түнін

Жалғаннан мынау жалығудан да жалықтым,
Қайдасың менің жаныма түсер жарық күн.
Кеудеме сірә құлап қалған тәрізді,
Аспан дейтұғын алып мұң.
Тыпырлап жүріп тірлікте тәнім семгенше,
Ғұмыр кешермін қос уыс шоғым сөнгенше.
Жаңбырлар жуып, жүзімді сағым сылаумен,
Аспанға қарап, томсарып жатам белдерше.
Өрт мұңдар ұрып армандарымның кірпігін,
Иісін иіскеп бабаларымның жұртының.
Жатамын ылғи түсімде дала төсінде,
Құшақтап алып қыр түнін.



9 қаңтар 2007ж.





Пікір жазу